Қатты аяз салдарынан Өскеменнің автобустары істен шығып жатыр

altaynews.kz
Кейбір автобустарды жарты сағаттап тосуға тура келетіні жасырын емес.

Сақылдаған сары аязда автобустарды үсіп-жаурап тосудың сыры неде? Жолаушыларды тасымалдау басқармасының алдында осы сауал тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Иә, кейбір автобустарды жарты сағаттап тосуға тура келетіні жасырын емес. Көлік саны аз екенін де Өскемен халқының іші сезеді.
Сондай-ақ бүгін аталмыш басқарма тізімдегі автобустардың біразы жұмысқа шықпағандығын айтты.

– Автобустар техникалық ақауларға байланысты қатардан шығып жатады. Аязда пневможүйесі бұзылып қалады көбінің. Әзірге бұл жағдайды реттеу қолдан келмей тұр, – деді басқарма басшысының орынбасары Ольга Графкина.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады