Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президентімен телефон арқылы сөйлесті

inform.kz
Мемлекеттер басшылары алдағы уақытта да байланысты жалғастыра беру жөнінде уағдаласты.

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылап, биыл Қазақстан мен Украина арасындағы байланыстардың жандана түскенін атап өтті. Бұл туралы zakon.kz, Ақорда жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Екі ел көшбасшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Украина дағдарысына қатысты тараптарды сындарлы диалог жүргізіп, келісімге келуге шақырды, сондай-ақ осы қақтығысты шешу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

Украина Президенті Петр Порошенко Керчь бұғазы маңында болған оқиға жөнінде мәлімдеді. Осыған орай, Қазақстан Президенті бұл мәселенің Украина мен Ресей тараптары арасындағы келіссөздер арқылы тезірек шешілуіне ниеттестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары алдағы уақытта да байланысты жалғастыра беру жөнінде уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді