Павлодарда оқушылар шоколад сататын автомат жасап шықты

М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайының баспасөз қызметі
Алдағы уақытта жобаны әрі қарай жетілдіру жоспарда бар.

М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайындағы робот техникасы клубының тәрбиеленушілері Нұрат Татенов пен Ғалымжан Әбішев шоколад сататын автомат құрастырды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Робот техникасы клубының жетекшісі Қайрат Солтаналиновтың айтуынша, бұл жұмысты жасап шығу үшін екі ай уақыт кеткен. Үш рет бұзып, үш рет құрастыруға тура келген. Нұрат Татенов Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 6-сыныбында, Ғалымжан Әбішев Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 мектептің 5-сыныбында білім алады.

- Биіктігі 50 сантиметр автомат әзірге 50 теңгеліктерді ғана қабылдайды және тек қана шағын Twix шоколадтарын береді, - дейді Қайрат Солтаналинов. – Ішінде кәмпит ұсынатын арнайы мотор орналастырылған. Бұл жұмыспен "Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану" облыстық байқауында және аймақтық робот техникасы фестивалінде бірінші орынды жеңіп алдық. Алдағы уақытта жобаны әрі қарай жетілдіру жоспарда бар. Ол үшін көбірек бөлшектер керек. Сыртын ағаш немесе пластмассадан жасауды ойлап отырмыз.

Оқушылар сарайындағы робокешенді зертханада балалар роботтарды құрастырып, EGOEducation, Ардуин, 4WD платформалары, робот-манипулятормен жұмыс істейді. Бүгінгі таңда мұнда 5-11 сыныптардан 54 бала түрлі жобалармен айналысады.

Еске сала кетейік, оқушылар сарайында 2018 жылдың мамыр айында "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде балалар техно-бизнес паркі ашылған. Бұл жерде бес заманауи сынып – робот техникасы зертханасы, астроклуб, 3D-модельдеу кабинеті, телестудия, стартап-академиясы, IT-сынып орналастырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды