Республиканың кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің күшейюі сақталады

Сурет: zakon.kz
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, желдің 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтілелі.

Қазақстанның басым облыстарында тұрақсыз ауа-райы, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын- шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі сақталады. Бұл туралы zakon.kz РМК "Қазгидромет" берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында кей жерлерде туман, күндіз желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, желдің 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, желдің 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтілелі.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Актөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Атырау облысында кей жерлерде көктайғақ болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді