ТЖ қызметінің мамандары суға түсу ережелерін сақтауды сұрайды

19 қаңтар күні христиандар шоқыну мерекесін атап өтеді. Бұл күні жұрт далада мұздай суық суға түсіп, тиісті салт-жоралғыларды орындайды.

Аталған мерекеге орай, төтенше жағдай мамандары суға түсу кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Бұл туралы zakon.kz "Хабар 24" телеарнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Суға түсу ережелері Шоқыну рәсіміне аязды күні суға шомылу арнайы денсаулығы қайратты адамдарға ғана пайдалы. Ал өкпе ауруларымен, жүрек ауруларымен ауыратын адамдардың аязда суық суға түсуіне өте қауіп туғызуы мүмкін, қан қысымы жоғары адамдар (егер қан қысымы жоғары болса, суық суға түсу кезінде қан тамырлары қысылуы немесе микроинсультке әкелпі соқса, егер қан қысымы төмен болған жағдайда адам есінен танып құлауы және діріл пайда болады), сондықтан суға түсер алдында қаң қысымын өлшеу қажет.

Мұздай суға ішімдік ішіп мас күйде түсуге болмайды. Өйткені ішімдік жүрек жұмысына күш түсіріп, дененің суынуына алып келеді.

Арықтағы суға түсуді үзіліссіз 1-2 минут (бірінші рет түсетіндер үшін 20 секунд ішінде). Судың түбіне дейін аяқ киіммен түсу керек, өйткені аяққа суық бірінші болып әсер етеді.Шомылу алдында шешінуді бірінші сыртқы киімнен бстап, бірер минуттан соң аяқ киімді шешіп, одан ары шомылу киімге дейін шешіну керек.

Орын алатын су ішіндегі бақытсыздық жағдайы дененің суыққа тоңуы, яғни адам ағзасы денедегі жылуды қайта қалпына келтіре алмайды. Адам ағзасындағы жылуды сақтау үшін суға шомылу алдында денені майлы креммен сылау керек немесе балықтың майынан ас қасықпен ұрттап ішіп алу керек. Судан шыққан бетте денені орамалмен жақыслап сүртіп, киініп, ыстық шәй немесе кофе ішуді ұмытпау керек.

Тыйым салынады!

-арнайы дайындалмаған орындарда суға шомылуға;

- балаларды қараусыз қалдыруға;

- ішімдік ішуге;

- мұз айдынына автокөлікпен шығуға;

- құтқару және медициналық қызметінің өкілдері болмаса суға түсу.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: