БҚО-да ер азамат өртеніп кетті

Pixabay
Үйдің өртенуіне сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болған.

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Зеленое кентіндегі үйлердің бірінде өрт болып, бір тұрғын қаза тапты. Бұл туралы baq.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

24 қаңтар күні сағат 09:05 облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» қызметіне Бәйтерек ауданы Зеленое кентіндегі төрт пәтерден тұратын тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. Қызыл жалын 20 шаршы метрді шарпыған.

Өрт сағат 09:55 өшірілген. Мамандар оқиға орнынан 1967 жылы туылған ер азаматтың өртенген денесін тапқан.

Қызыл жалынды ауыздықтауға облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 10 маманы мен 4 техника жұмылдырылған.

Үйдің өртенуіне темекі тұқылы себеп болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды