Сыр өңірінде қауіпті нысан елді мекеннен тыс жерге көшірілді

Ашық дереккөздерден
Бұған дейін Көкшоқы елді мекенінде орналасқан кәсіпорын жергілікті тұрғындарға қолайсыздық туғызып келген.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында қышқылды ауыстырып тиеу базасын елді мекеннен тыс жерге көшіру мәселесі шешілді, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Нысан 4 мың тоннадан астам күкірт қышқылы мен мың тоннаға дейін силитр сақтауға арналған. Бұған дейін Көкшоқы елді мекенінде орналасқан кәсіпорын жергілікті тұрғындарға қолайсыздық туғызды. Олардың өтініші бойынша қазір база Шиелі кентінен 2,5 шақырым жерде орналасқан индустриялық аймақ ауданына көшірілген. Жаңа нысанның 6 мың тоннаға дейін күкірт қышқылы мен үш мың тонна силитр қабылдауға мүмкіндігі бар.

Әшім Оразбекұлы, Шиелі ауданының әкімі:

- Күкірт қышқылын таситын көліктердің, автокөліктердің барлығы өзінің технологиялық жолдары бар, сол жолмен біздің кеніштерге қышқыл тасылады, əрі қарай сосын таудың арғы жағында Созақ ауданында көп деген осы "Қазатомөндіріс" мекемелеріне тасылатын күкірт қышқылының көліктері қазір кенттің сыртқы жолымен кетеді, ең бастысы, біздің елдің, халықтың, тұрғындардың қауіпсіздігіне байланысты, жол қауіпсіздігіне байланысты, одан кейін ауылдың тіршілігіне оң əсер етті. Жақсы деп есептейміз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты