Димаш "The World's Best" таланттар шоуының үшінші кезеңіне өтті

instagram.com
Әділ қазылар алқасының мүшесі "жұлдыз туды" деген пікір білдірді.

Әнші Димаш Құдайберген америкалық "The World's Best" таланттар шоуының көрермендері мен әділ қазылар алқасын тағы да таңғалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

“A Star is Born” ???? #TWBDimash #WorldsBest ???? @kudaibergenov.dimash

Публикация от The World's Best (@theworldsbestcbs)

20-ақпан күні CBS арнасында Димаш пен котолиялық монах әйелдің жарысы көрсетілген болатын.

Кристина есімді монах әйел (қарапайым өмірде Кристина Скучча) 1988 жылы Италияда дүниеге келген. Ол екі жыл бойы Бразилияда кедей отбасылардың балаларына көмектесіп, қайырымдылықпен айналысқан. Сосын урсулин-монах әйелдері діни қауымдастығына кірген. 2014 жылы ол The Voice of Italy соқыр тыңдау байқауына түседі. Кристина Алиши Киздің No One әнінін орындағанда, оған барлық төрешілер оң бағасын беріп, байқау финалында Кристина жеңіске жетеді.

Димаш Эрика Карменнің "All by Myself" композициясын орындап, 94-39 жалпы есебі бойынша жеңіске жетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Дайынсыздар ма?Are you ready?

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#TWBSisterCristina making @madonna proud with her #WorldsBest performance! ????

Публикация от The World's Best (@theworldsbestcbs)

The World's Best - Джеймс Корденнің ұйымдастыруымен өтіп жатқан ең алғашқы жаһандық таланттар байқауы. Бұл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген шығармашылық адамдар барлық жанр бойынша қатыса алады. Олар тек жұлдыздардан құралған америкалық төрешілер Дрю Бэрримор, Ру Пол және Фэйт Хиллді ғана таңғалдырып қоймай, сонымен қатар құрамына 50 елдің ең тәжірибелі шығармашылық адамдары, кез-келген көңіл көтеру саласының хас шеберлері кіретін "әлем қабырғасы" - халықаралық жюрилер тобының жүректерін жаулаулары қажет. Байқау нәтижесінде тек бір қатысушы ғана әлемдегі ең мықты деген атаққа ие болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты