Павлодарда алимент бойынша қарызы барлардың автокөліктері тәркіленуде

pavlodarnews.kz
Облыс әкімі алименттен жалтаратын жауапсыз әкелерді жөнге салуға жақсылап кірісті.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов алимент төлемей қашып жүрген азаматтарды әшкерелеуге бағытталған жұмыстың алғашқы нәтижелерімен Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Өңір басшысы өткен аптада алимент төлемейтін төрт адамның автокөліктері айып тұрағына қамалғанын жеткізді.

-

Автокөліктері тәркіленген соң қимылдай бастайды. Біреуі 520 мың теңге қарызын бірден жапса, екінші борышкер сол автокөлігін бұрынғы әйелінің атына жазып берді. Тағы екі автокөлік бағалаудан өткен соң сатуға қойылады, одан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалады, деді әкім.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды