Жылына 2% ипотеканы нақты кімдер ала алады

BNews.kz
Елімізде мемлекет басшысының тапсырмасымен көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары әзірленуде.

Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтудың қосымша шарасы ретінде Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі арқылы жылына 2 пайызбен 20 жылға дейінгі мерзімге жеңілдетілген несие беру мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл механизм табысы ең төменгі жалақыдан аз (42,5 мың теңге) отбасыларға ұсынылады:

Мұндай несие мынадай топтарға беріледі:

1) төрт және одан асатын балалы отбасыларға;

2) мүгедек балалары бар, немесе, мүгедек бала асырап отырған отбасылар;

3) кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасылар.

Осы мақсатта республикалық бюджеттен үш жыл бойы жылына 50 млрд теңгеден бөлінеді, жалпы бұл механизмді жүзеге асыруға 150 млрд теңге қажет болады.

Нәтижесінде жеңілдетілген несиені 33 мыңдай тұрмысы төмен отбасы ала алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты