Жаңақорғанда сиыр үш бұзау туды

видео кадры
Бұл жағдай жергілікті ветеринария мамандарын да таңғалдырып отыр.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Бірлік ауылының тұрғыны Әлімхан Данияровтың сиыры бірден үш бұзау туды. Бұл - сирек кездесетін құбылыстың бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлімхан Данияров мал өсірумен айналысады. Биыл қара сиыры бірден үш бұзау туып, елді таңырқатып отыр. Қазақ халқының тыныс-тіршілігінде мұндай жағдай кездесіп жатады.

"Бұзаулардың жағдайы қалыпты болды. Екеуі бірден-ақ аяғынан тұрып кетті, үшіншісіне еміздік арқылы сүт бердік", - деді Әлімхан Данияров.

Қазақ халқында малдың амандығы үшін артық туғанын жақын-жуығына таратып беретін ырым бар. Ауыл тұрғыны да осындай ырымға сүйеніп, таныстарына екі бұзауды үлестірді. Бұл жағдай жергілікті ветеринария мамандарын да таңғалдырып отыр.

Мұндай жағдай Қызылорда облысында алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. 2013 жылдың қараша айында Шиелі кентінде де сиыр үш бұзау туған еді.

Сондай-ақ, екі жылдай бұрын әлеуметтік желіде елімізде төрт бұзау туған сиыр туралы видео таралған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы