Дәленов биыл доллардың қай межеде болатынын айтты

zakon.kz
Жан басына шаққандағы ЖІӨ 9 409 долларды құрамақ.

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2019 жылға арналған нақтыланған макрокөрсеткіштер жоспарын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– 2018 жылы Жалпы ішкі өнім көлемі 58,8 трлн теңгені құрады. Бұл 2019 жылды бағалау үшін жақсы база, – деді ол.

Оның айтуынша, мұнай өндірісі 2018 жылмен салыстырғанда 1,4 млн тоннаға немесе 1,5% төмендейді.

– Қызмет көрсету секторында жоғары өсім күтілуде. Оған ішкі сұраныстың артуы негіз болады. Сыртқы және ішкі факторларды есепке ала отырып, 2019 жылдың базалық параметрлерін бұрын мақұлданған деңгейде қалдырдық: мұнай бағасы – барреліне 55 доллар; теңге бағамы – бір долларға 370 теңге; жылдық инфляцияның мақсатты коридоры – 4-6%, – деді министр.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда-саттық, көлік және қоймалау бойынша өсім жоспарлары өзгермеді.

– Өнеркәсіп өсімі 1,6%-ды құрайды. Өңдеу өнеркәсібінің өсімі тау-кен өнеркәсібінің өсімінен көбірек болады. Экспорт 0,3 млрд долларға көбейіп, 54,4 млрд долларға жеткізілді. Импорт көлемі 32,9 млрд доллар деңгейінде сақталды. 2019 жылы ІЖӨ-нің нақты өсімі 3,8% деңгейінде жоспарлануда. Номиналды ІЖӨ 2019 жылы 64,3 трлн теңге көлемінде болады деп жоспарлануда, бұл осының алдында жасалған жоспардан 323,5 млрд теңгеге артық. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 9 409 долларды құрамақ, – деп қосты Дәленов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Елімізде білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделі жөніндегі пилоттық жоба іске қосылмақ