Зиданның "Реалдағы" жалақысы белгілі болды

Jesús Rubio DIARIO AS
2018 жылы клубтан кетпей тұрғанда Зиданның жалақысы 7,5 миллион евро болатын.

Испанияның El Confidencial басылымы франциялық бапкер Зинедин Зиданның мадридтік "Реалмен" жасасқан келісімшартының кей тұстарын біліп қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Мадридке оралған француз жылына 12 миллион евро көлеміндегі жалақыға отырды. Түрлі бонустарды санағанда бұл сома одан да асып түсетіні анық.

2018 жылы клубтан кетпей тұрғанда Зиданның жалақысы 7,5 миллион евро болатын.

11 наурызда "Реал" Зиданды бас бапкер етіп тағайындағанын жариялады. Француз бір жыл өтпей жатып клубқа қайта оралды. Бұған дейін ол "Реалмен" үш рет Чемпиондар лигасының кубогын иеленген. 46 жастағы Зидан клубтың құрылымында 2014 жылдан бері жұмыс істеген. Алдымен жастар командасында, ал 2016 жылдан бастап бас командаға келген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады