"Авангард" Назарбаевтың отставкасын қалжыңға айналдырды

"Авангард" ХК
Соңғы ойында "Авангард" қазақстандықтарды 5:0 есебімен тас-талқан етіп ұтқан.

Омбылық "Авангард" хоккей клубының баспасөз қызметі қалжыңбастығымен көзге түсті, деп хабарлайды РИА Новости.

Хоккей клубының баспасөз қызметі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы туралы тараған ақпаратты өз қалжыңдарына "тұздық" еткен екен:



"Авангардтың" Қазақстанға бұлай "қадалып қалғаны" тегін емес, қазір КХЛ-дың шығыс конференциясындағы плей-офф кезеңінде "Авангард" астаналық "Барыспен" келесі кезеңге шығу үшін таласуда. Төрт жеңіске дейін ойналатын серияда үш кездесу ойналып, "Авангард" 2:1 есебімен алда келеді. "Авангард" пен "Барыстың" төртінші кездесуі бүгін кешке ойналуы тиіс.

Соңғы ойында "Авангард" қазақстандықтарды 5:0 есебімен тас-талқан етіп ұтқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты