Қазақстанда заңсыз сақталған атыс қаруларын сатып алу акциясы басталды

diveevo-today.ru
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен төлем көзделген.

Ішкі істер министрлігі халықта заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізілетіні туралы Қазақстан Республикасының азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақапартқа сәйкес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында халықта заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығымен бекітілген Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде тапсыру қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.

Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем көзделген.

Атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау әрбір аумақтық полиция органдарында жүргізілетін болады.

Ішкі істер министрлігі жарақат алудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдармен және оқ-дәрілермен ешқандай іс-әрекет жасамауды, оларды тасымалдауға әрекет етпеуді, тек полицияның кез-келген бөлімшесіне, 102 не 112 телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрайды.

Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады. ІІМ өткізілетін акцияға тұрғындардың қолдау көрсетіп, оған белсене қатысатындығына сенім білдіріп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды