Алматыдағы Назарбаевтан солға бұрылуға неге тыйым салынды

Zakon.kz/Максим Золотухин
Назарбаев-Райымбек даңғылдарының қиылысында солға бұрылуға тыйым салуға Назарбаев даңғылының ұзартылуы мен көлік жолайрығының салынғаны себеп болған.

Алматы көшелерінде өзгерістер енгізілді. Көлік жүргізушілері Назарбаев даңғылы бойымен не себепті солға бұрылыстарға тыйым салғанын білгісі келеді. Полиция департаменті жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Назарбаев-Райымбек даңғылдарының қиылысында солға бұрылуға тыйым салуға Назарбаев даңғылының ұзартылуы мен көлік жолайрығының салынғаны себеп болған екен. Көліктер енді кері бұрылуы үшін көпір астындағы жолайрыққа дейін баруы керек.

Солтүстік бағыттағы қозғалыста Назарбаев даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында да солға бұрылуға тыйым салынды. Бұл шешім де көлік қозғалысын реттеу қажеттігінен туындаған.

Ал Назарбаев көшесімен жоғары көтерілген кезде Гоголь көшесіне солға бұрылуға рұқсат етілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев