Елорда әкімі тұрғындарды Бурабайдан келе жатқан жайсыз ауа-райы туралы ескертті

kaznews.kz
Астана әкімі тұрғындарды жолда абай болңға шақырды.

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов қала тұрғындарын жайсыз ауа-райы жайлы құлағдар етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолда мұқият болуларыңызды сұраймын. Қазірдің өзінде Бурабайдан жайсыз ауа-райының келе жатқандығы және бірқатар оқиғалардың орын алғандығы туралы ақпарат бар. Метео қызметтің мәліметінше, 15 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр жауып, арты қарға ұласады). Автокөлік иелерінің көбісі дөгелектерін жаздыққа ауыстырып алды. Сондықтан ара қашықтықты сақтап, жол ережелерін бұзбауды және жылдам маневрлерге ерік бермеулеріңізге кеңес береміз. Жолда абай болыңыздар. Өзіңіз бен айналаңыздағы адамдарға сақ болыңыздар, - деп жазды елорда әкімі Facebook-те.

Синоптикатер 15 сәуір күні ауа-райы болжамында елордада жаңбыр жауып, арты қарға ұласатынын, найзағай, тұман болып, желдің күші минутына 15/20 секундқа жететінін хабарлаған болатын. Ауа температурасы күндіз +3- 5 басталып, төмендей береді. Дауылдың болатыны 85-90%.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды