Роналду мен "Ювентус" Чемпиондар лигасынан "ұшып" кетті

Pixabay
"Реалдың" өзін жарыстан қағып тастаған "Аякс" "Ювентусты" да тобықтан шалып кетті.

Құрамында португалиялық атақты шабуылшы Криштиану Роналду ойнайтын Туриннің "Ювентусы" 1/4 финалда Чемпиондар лигасымен қош айтысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Юве" екі ойын қорытындысы бойынша Голландияның "Аяксына" жол берді (1:1; 1;2). Жарысты ары қарай "Аякс" жалғастырады

Осылайша Роналду соңғы тоғыз жылдан бері тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнамайтын болды. "Реал" сапында Роналду Чемпиондар лигасының кубогын төрт рет төбесіне көтерген ( 2014, 2016, 2017 және 2018 жылдары).

Бұл "Аякстың" биыл 1/8 финалда Чемпиондар лигасынан "Реалды" да "қағып" тастағанын (1:2; 4:1) айта кету керек.

"Аякспен" бірге жартылай финалға "Барселона" шықты. Олар 1/4 финалда "Манчестер Юнайтедті" екі рет тұқыртты (1:0; 3:0).

Бүгін түнде Португалияның "Портуы" "Ливерпульді" қабылдайды (алғашқы кездесуде 0:2 есебімен "Ливерпуль" ұтқан), ал "Манчестер Сити" өз алаңында "Тоттенхэммен" тартысады (0:1).

Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Мадридтегі "Метрополитано" стадионында өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты