Әміржан Қосанов Қазақстан президенттігіне ұсынылды

Контур
Кандидат 13 мамырда 55 жасқа толады.

Белгілі қоғам қайраткері Әміржан Қосанов ҚР президенттігіне кандидат болып ұсынылды. Бұл туралы Turan Times тілшісі хабарлады.

26 сәуірде Алматыда "Ұлт тағдыры" республикалық қоғамдық бірлестігінің конференциясы өтті.

Ең бірінші шешім – кезектен тыс сайлауға қатысу туралы шешім болды. Одан кейін бірлестік жетекшісі Дос Көшім бірлестік атынан ортақ кандидат ретінде танымал қоғам қайраткері Әміржан Қосановты ұсынды. Қосановтың кандидатурасы бірауыздан қолданды.

Әміржан Қосанов 13 мамырда 55 жасқа толады. Білімі бойынша журналист (ҚазМУ). Әр жылдары Комсомолда, ҚР мемлекеттік органдарында, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстарда жұмыс істеген. Соңғы жылдары баспасөз бен әлеуметтік желіде жиі жарияланып келеді.

Отбасылы, үш баласы бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

ДСМ жүргізушілерді медициналық куәландырудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізетін болды

Ол тастап кетті: Мөлдір Әуелбекова күйеуінен ажырасқанын мойындады

Қазақстандық ұстаз әлемнің үздік тревел-блогері атағына ие болды