Тұрмыстық жемқорлық. Пара алатындар жоғары білім саласында көп екен

zakon.kz
Жоғарғы оқу орындарында бірқатар басшылар мен мұғалімдер жұмыстан қуылды.

Қазақстанда ең көп жемқорлық жайлаған тұрмыстық сала – жоғары білім саласы. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде "Адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Жанар Тайжанова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Агенттік жемқорлық туралы деректерді жоғары оқу орындарындағы қызметкерлер мен студенттер арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде алған. Оның нәтижесінде кейбір басшылар мен мұғалімдер жұмыстан қуылған.

– Қазір біз ЖОО-ларға Қазақ мемлекеттік Заң университеті жанындағы Академиялық адалдық лигасына кіруді міндеттеп отырмыз. Оның нәтижелері туралы алғашқы қорытындылар пайда болған кезде толығырақ хабарлаймыз. Әзірге Лигаға 12 оқу орны кірді, – деді ол.

Сонымен қатар, Тайжанова журналистерді де бұл жұмысқа атсалысуға шақырды: қылмыс деректерін жариялап қана қоймай, жемқорлыққа қарсы күресуге белсене қатысуға үндеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты