Қазақстанның танымал қақпашысы карьерасын аяқтады

zakon.kz
Давид футболдан кететінін айтты.

Футболдан Қазақстан құрамасының атақты қақпашысы Давид Лория спорттық карьерасын аяқтайтынын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Давид Лория өзінің Instagram парақшасында жазды.

– 15 жасымда жоғары лигада дебютім болып, содан бері 22 жыл бойы футболшы екенімді мақтан тұттым. Футбол маған бәрін берді. Бүгін өз карьерамды аяқтайтынымды мәлімдеймін. Бәріне алғыс айтамын. Ең алдымен отбасым мен Отар ағама. 5 жасымда мені қақпаға тұрғызған сол кісі, содан бері қақпашымын! Жанкүйерлеріме мың рахмет, – деді Лория.

Давид Лория Қазақстанның қазіргі астанасында дүниеге келген. Оның әкесі Григорий Лория да футболшы болған.

Лория Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Өз карьерасында қазақстандық клубтардан бөлек швециялық "Хальмстад", Түркияның "Ризеспоры" мен "Каршияк" клубтарында, сондай-ақ Ресейдің "Спартак-Нальчигінде" өнер көрсеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды