Нұр-Сұлтанда Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңес отырысы басталды

zakon.kz
Мерейтойлық саммитте қабылданатын басты құжат – кеңес мүшелерінің ЕАЭО келісіміне қол қойылғанына бес жыл толуына орай жасайтын бірлескен мәлімдемесі болады.

Қазақстан астанасында Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңесінің отырысы өтуде, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Белорусия президенті Александр Лукашенко, Қырғызстаннан Сооронбай Жээнбеков, Ресейден Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысуда.

Сондай-ақ, кездесуге ЕАЭО жанындағы бақылаушы-мемлекет басшысы ретінде Молдова президенті Игорь Додон және құрметті қонақ ретінде Тажікстан президенті Эмомали Рахмон қатысуда.

Мемлекет басшылары ЕАЭО-ның даму перспективаларын, басқа да маңызды мәселелерді талқылайды, оның ішінде ЕАЭО-ның 2019-2020 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық мақсаттарын сөз етеді.

Саммит қорытындысы бойынша Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңеске мүше-мемлекеттер басшыларының Бірлескен мәлімдемесін қабылдау және бірқатар халықаралық келісімдерге қол қою жоспарланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты