Ринат Зайытов бір өтіріктің бетін ашты

видеодан алынды
Ақын ол айтысқа шақырту алмағанын айтып, елге құлаққағыс жасады.

Айтыскер ақын Ринат Зайытов жерлестерін бір өтіріктен сақтап, өз парақшасында жазба жариялады деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 13 шілдеде ШҚО-да "Ел айбыны, жыр айдыны — Алакөл" атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Осы айтыстың афишасында Ринат Зайытовтың да суреті бар. Дегенмен ақын бұл шараға шақырту алмағанын, ол айтысқа қатыспайтынын айтып, Instagram-парақшасында жазба жариялады.

"Құрметті ағайын, 13 шілдеде өтетін айтысқа шақырту алмағанымды, оған қатыспайтынымды ресми мәлімдеймін", - деп жазды ол.

Айта кетсек, Мейрамбек Бесбаев Қазақстан президенті сайлауалды науқан кезінде өзінің төртінші билік өкілдеріне деген ренішін білдірген еді. Өйткені отандық сайттардың бірі Мемлекет басшысының сайлауалды штабының сенімді өкілдерінің ішінде өнер майталмандарының бар екенін жазған. Сол тізімнен өз есімін байқаған әнші бұған өзінің наразалығын білдіріп, Инстаграмдағы парақшасында жазба жариялаған. Артынан әншіден кешірім сұралып, ол тізімнен аты-жөні алыныпты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді