Шетелдіктен 33 мың теңге қағып алған такси жүргізушісі ұсталды

Zakon.kz
Ақша иесіне қайтарылды. Шетелдік оны ауызсу жетіспеушілігімен күресетін WaterAid UK ұйымына сыйға тартуды жөн деп шешіпті.

Алматыда әуежайдан қалаға жеткізгені үшін 33 мың теңге ақы алған таксист табылып, ақша иесіне қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шамамен бір апта бұрын Алматыда әуежайдан шетелдік туристті қалаға жеткізгені үшін 33 мың теңге қағып алған такси жүргізушісі туралы факті желіде кеңінен тарап, ол қоғамдық талқыға түскен еді. Сөйтсе құзырлы орындар ол жүргізушіні жаппай іздестіріп, ақыры тауыпты.

Ал 18 шілдеде Шәкір Исламбакиев Facebook-тегі парақшасында ол такси жүргізушінің табылғанын жазды.

- Ақша иесіне қайтарылды. Шетелдік оны ауызсу жетіспеушілігімен күресетін WaterAid UK ұйымына сыйға тартуды жөн деп шешіпті. Осындағы Сіздердің жедел әрекеттеріңіздің арқасында ол мүмкін болды. Сол үшін журналистерге, әкімдік қызметкерлеріне, Visit Almaty, әуежайдың, полицияның баспасөз қызметіне алғыс айтамын. Сол күні-ақ әуежайда жиын өтіп, осы мәселе талқыланды. Өйткені ынсапсыз таксисттен зардап шегуші бұл бірінші турист емес қой.

Әуежай шешім қабылдапты. Минск қаласы әуежайындағыдай әр бағыттағы такси қызметтерінің орташа тарифтері көрнекі жерлерге ілініп қойылатын болды. Сондай-ақ, зардап шегушіге емес, таксистке қолдау білдіріп, пікір жазғандарға айтарым: заңсыздық бар жерде өзіміздікі немесе бөтендікі деген әңгіме болмауы керек. Біз үнемі ақиқат жағында болуымыз тиіс, - деп жазды ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс