Алматы арена мен Халық арена жекеменшіктің қолына өтті

3d-maps.kz
Қос мұз айдынға қажетті дүниелер үшін тендер жүргізіп, мемлекеттік сатып алуларды жасаудың қажеті болмайды. Бұл бюджет үшін тиімді нәрсе. Енді оның барлығына жекеменшік жауапты.

Алматы арена мен Халық арена мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі бойынша жекеменшіктің қолына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық спорт басқармасы басшылығына сілтеме жасап.

- Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі бойынша екі мұз айдын жекенің қолына өтті. Мұндайда стадионды басқару жұмысы оңай болады, онда тұрған дәнеме жоқ. Бюджет қаражатын үнемдеуге болады, жеке де өз пайдасын табады, - деді Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов.

Оның айтуынша, енді мұзы айдынға қажетті дүниелер үшін тендер жүргізіп, мемлекеттік сатып алуларды жасаудың қажеті болмайды. Бұл бюджет үшін тиімді нәрсе. Енді оның барлығына жекеменшік жауапты.

- Жекеменшіктің міндеттерін анықтап, көрсетіп бердік. 8 секция бойынша тегін қызмет ұсынылмақ. 8 спорт мектебінің оқушылары мұнда тегін дайындала алады, - дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі