Ұтылса – масқара! "Астана" футболшыларының құны "Валлеттадан" жеті есеге қымбат

fca.kz
"Валлеттаның" бүкіл құрамы қоса санағанда небәрі 3,3 миллион евро тұратын болып шықты.

Transfermarkt.de сайтының деректеріне жүгінген Sports.kz басылымы "Астана" мен мальтаның "Валлеттасының" құрамын салыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астананың" құрамы 24,83 миллион евроға бағаланады. Қазақстандық клуб сапындағы ең қымбат ойыншы – жартылай қорғаушы Марин Томасов (3,5 млн евро). Одан кейін қорғаушы Дмитрий Шомко және шабуылшылар Роман Муртазаев пен Фирмин Мубеле (2,5 млн евро).

Ал "Валлеттаның" бүкіл құрамы қоса санағанда небәрі 3,3 миллион евро тұратын болып шықты.

Мальталықтардың құрамындағы ең қымбат деген ойыншы – шабуылшы Марио Фонтанелла 300 мың евроға бағаланады. Қарсыластар сапындағы ең қымбат ойыншылар үштігіне сондай-ақ жартылай қорғаушы Кевин Тулимьери (250 мың евро) және қақпашы Анри Бонелло (225 мың евро) кіреді.

"Астана" мен "Валлетта" Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде кездеседі. Алғашқы ойын 8 тамызда Қазақстанда, қарымта кездесу – 15 тамызда Мальтада өтеді.

Астана "Валлеттадан" өткен жағдайда плей-офф раундында "Сараево" (Босния және Герцеговина) – "БАТЭ" (Беларусь) жұбының жеңімпазымен топтық кезеңге жолдама үшін таласады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады