Оңтүстік Кореяда бір түйір темір жоқ – Елбасы

100-hit.ru
Қазақстанға жақсылап отырып ойланып, жаңа шаралар қабылдау қажет.

Оңтүстік Кореяға дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін 54 жыл қажет болды, деді бүгін Nur Otan партиясының отырысында партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Оңтүстік Кореяның жерінде бір түйір алтын жоқ. Тіпті бір түйір темір де жоқ. Ештеңе жоқ. Олар 1961 жылдан бастап дами бастады. Ішкі жалпы өнімі біздегі 2000 жылдағыдай еді. Оңтүстік Кореяға дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін 54 жыл қажет болды. Сол жылдары ІЖӨ өсім қарқыны 7,7 пайызды құрады, – деді Елбасы.

Nur Otan партиясы төрағасының сөзінше, Қазақстанға жақсылап отырып ойланып, жаңа шаралар қабылдау қажет.

– Жаңа шаралар қабылдау қажет. Отырып, ойланып, мамандарды тарту керек. Мен салықтық ынталаныру қажет деп ойлаймын. Қазір маған керісінше, салықтарды көтеру керек деуі мүмкін. Біздегі салықтар онсыз да ең төмен: корпортивтік салық 20 пайыз, табыс салығы 10 пайыз. Ондай нәрсе көптеген елдерде жоқ. Одан төмен салықтар болмайды. Бірақ бізге экономиканы тірілту керек, салық бізге керек пе? Әлде экономиканың өсімі ме? Бюджетке қайсысынан көбірек түседі? Ол үшін бізге шағын және орта бизнеске жеңілдік жасау жағын ойластыру керек, олардың дамуына ақшасы қалуы қажет. Әрине, ол үшін есеп-қисаптар керек, бюджетті жақсарту үшін, – деді Назарбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты