"Ақшамды қайтар!...". ЭКО жасатқан отбасы ажырасып тынды

Pixabay
Отбасы бірден ДНК сараптамасына жүгінген. Талдау қыз баланың әкесі Дрю Василевски емес екенін растады.

АҚШ-тың Нью-Джерси штатында ажырасып тынған ерлі-зайыптылар өздері қызметіне жүгінген репродуктивті клиниканы сотқа беріп жатыр, деп хабарлады Zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Эко процурасы арқылы өз ұрықтарын жасанды жолмен өсіріп, балалы болдық деген Кристина Кеддерич пен Дрю Василевски уақыт өте келе өсіп келе жатқан сәби өздерінікі емес екенін ұққан. Өйткені олар европалық болса, баладан азиаттық адамның белгілері біліне бастаған.

Отбасы бірден ДНК сараптамасына жүгінген. Талдау қыз баланың әкесі Дрю Василевски емес екенін растады. Осылайша репродуктивті клиника дәрігерлерінің қателігі кесірінен отбасында кикілжің туындап, ақырында олар ажырасып тынған.

Олар репродуктологтардың қызметіне 500 мың доллар (193 миллион теңге) жұмсаған. Дрю Василевски, енді өз шығынын қайтарып алу үшін қызметіне жүгінген клиниканы сотқа беріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында бір отбасы түрлі ұлттың 9 баласын асырап алды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды