Рогозин Түркияны "Байқоңыр" ғарыш айлағын бірігіп игеруге шақырды

compromat.group
Әзірге түрік азаматы ғарышқа ұшып көрген емес.

"Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин Ресей және Қазақстанмен бірге Байқоңыр ғарыш айлағын игеруге Түркияны шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

- "Роскосмос" ғарышқа өз аппараттарын шығару үшін Түркияға өз зымырандарын ұсынуға дайын. Ол үшін мұны түрік аумағында зымырандарды ұшырудың қажеті жоқ. Оның орнына біз үш ел де пайдалана алатын жоба жасап, Байқоңырды бірге тиімді игеретін едік, - деді ол өз сұхбатында.

Рогозиннің пікірінше, мұндай жобаның қатысушысына Ресей "технологиялар трансфертін" ұсынса, Қазақстан "өзінің ерекше ғарыш порты" қызметін бере алады.

"Менің ойымша, бұл болашағы бар жоба", - деді ол.

Бұған дейін Біріккен араб әмірлігі Ресей және Қазақстанмен бірге "Союз-2" зымырандарын ұшыру үшін ұшыру алаңын модернизациялауға қатысуға келіскені туралы хабарланған.

Әзірге түрік азаматы ғарышқа ұшып көрген емес. 2005 жылы Түркияда Ұлттық ғарыш зерттеулері бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаға сәйкес, 2010 жылы түрік астронавттарын даярлау, ал 2014 жылы - түрік кемесін ұшыру жұмыстарын бастау жоспарланған болатын. Бірақ ол жоспарлар жүзеге асырылмады. 2018 жылдың желтоқсанында Түркияда Ұлттық ғарыш агенттігі құрылған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті