Тазабековтың теріс сөзі өтпейді – билік сектанттарды бекер қолдайды

видеодан кадр
Біздің қоғамда дәл қазір жүгенсіз жүйе мен ділсіз діншілдерге қарсы үлкен реакция жүріп жатыр.

"Тазабековтың ортаға шығып сөз сөйлегені жақсы болды. Ешқандай жолы мен тактикасы қалмаған жүйенің халықтың жүрегіне жол табар тек қана Тазабековтері ғана қалыпты", деп пайымдайды сарапшы Бекболат Қаржан.

Олар солай ойлайды. Басқа ешкімі жоқ.

– Тазабековтың бір ауыз сөзі қоғамда теріс ағымға қарсы резононстың жоғары екенін көрсетсе, екінші жағынан билік сондай сектанттарды қолдап, қорғап, халықты тыныштандыру үшін қолданатынын анық көрсетіп отыр. Демек, біздің қоғамда дәл қазір жүгенсіз жүйе мен ділсіз діншілдерге қарсы үлкен реакция жүріп жатыр. Бұл біздің қоғамның саяси, діни танымдық көзқарасында алға жылжу бар деген сөз. Осылай ақырындап қарсылық күшейе берсе, халықтың, ұлттың болмысына сай келмейтін саяси, діни факторларға қарсы резонанс артып, жүйенің қабырғасының сөгілуіне ықпал жасайды. Сосын, бізге ешқандай да оппозиция керек болмай қалады. Оппозициялық күштер онсыз да жоқ бізде. Оның орнына қоғам тұтасымен оппозиция болып үлгерген. Елдің алдына көп көп шығып тұр, Тазабеков мырза, - дейді бұл жазбада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады