Математика пәнінің ұстазы 4 миллион теңге сыйақыға ие болды

Сурет: zakon.kz
Одан бөлек "Білім-Инновация" лицейінің математика пәні мұғалімі Муаммер Гүл "Әлем мұғалімі-2020" халықаралық конкурсына жолдама алды.

Нұр-Сұлтан қаласында "Әлем мұғалімі-2020" халықаралық конкурсына қатысатын мұғалімдерді анықтаудың ұлттық кезеңі мәреге жетті. Қазылар алқасының шешімімен математика пәні мұғалімі Муаммер Гүл халықаралық деңгейде Қазақстанның намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елордада ұстаздар күніне орай, "UZDIK PEDAGOG 2019" конкурсының биылғы жеңімпаздары, білім саласының үздіктері 64 мұғалім марапатталды.

Биылғы мерекелік іс-шарада "Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту" қорының негізін қалаушы - Әлия Назарбаева "Қазақстан мұғалімі" сыйақысының иегерін және еліміздің атынан "Әлем мұғалімі-2020" халықаралық конкурсына қатысатын ұстаздың есімін жариялады.

Іріктелген 11 ұстаздың арасынан қазылар алқасы үздік деп тапқан Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған "Білім-Инновация" лицейінің математика пәні мұғалімі Муаммер Гүл "Әлем мұғалімі-2020" халықаралық конкурсына өтіп, 4 миллион теңге көлемінде сыйақыға ие болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы