Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесті

Ақорда
Кездесуде қоғамдық кеңестер институтының жұмысы, жоғары оқу орындарына автономия беру, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Адам құқықтары хартиясы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен кездесу барысында азаматтық қоғамның перспективалары және құқық қорғау ұйымдарының мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Әлеуметтанушы, "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуова "Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын дамыту жөніндегі ой-пікірімен бөлісті. Атап айтқанда, ол аталған тұжырымдаманы жүзеге асыруда әлеуметтік зерттеулердің атқаратын рөлі туралы айтты.

Сонымен қатар кездесуде Қоғамдық кеңестер институтының жұмысы, жоғары оқу орындарына автономия беру, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Алматы жоғары басқару мектебінің және "Аспандау" ғылыми-білім беру қорының президенті Қанат Нұров әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу, жекеменшік институттар мен қор нарығын дамыту мәселелерін қозғады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме