Бұл туралы баспасөз мәслихатында Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Биылғы жылы 911 гектар дәнді дақылдар, оның ішінде 120 гектар күздік дақылдар, 3215 гектар картоп, 1511,2 - көкөніс және 68,5 бақша дақылдары егілді. 7988,3 гектар алқапта жемдік дақылдар егіліп, оның ішінде 6656,8 – өткен жылдардағы көпжылдық шөптер және 489,5 - ағымдағы жылғы егілген көпжылдық шөптер, ал 542 гектар - бір жылдық шөптер болып табылады. Сондай-ақ 300 гектар сүрлемге жүгері егілді. Бұл 2019 жылғы егіс алқабының 2,5 % - ын құрайды, - деп атап өтті Нұрлан Шақабаев.
Қазіргі уақытта егін жинау аяқталды. 911 гектар алқапта егілген дәнді дақылдардан 744,7 тонна астық және 51,4 мың тонна картоп жиналды. Биыл көкөніс өнімі 34 мың тоннаны құрады. Өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары күзгі жиын-терім жұмыстарын агротехникалық мерзімде аяқтады.
- Бүгінгі күні 101,6 мың тонна шөп, 6100 тонна пішендеме, 10 мың тонна сүрлем дайындалды. Барлық нормативтік қорлар талаптарға сәйкес келеді. Бұл өте маңызды, себебі егер мұндай нәтижелерге қол жеткізбесе, салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан біз үшін жем - шөп қорын құру мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады, - деді қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.