Қазақстан Қарулы күштері шығармашылық ұжымының "Сарбаз сахнасы" жалпы әскери фестивалінің соңғы кезеңі елордада өтті. Түрлі өңірден келген 400 әскери қызметшілер өнерлерін ортаға салады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қатысушылар төрт номинация бойынша сынға түседі. Олар: вокал (жеке, ансамбль құрамында), аспапты ансамбль (үрмелі, соқпалы, фольклорлы), фотограф, суретші, көркем ою шеберлері мен басқалары қатысатын ерекше номерлер болды.
Қатысушы солисттер мен музыкалық ұжым қатысушылары әскери-патриоттық тақырыптағы отандық және шетелдік композиторлардың туындыларын орындады.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы екі номинация бойынша жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, Жасұлан Тәжиев "Вокал" бойынша, "Жаңа ғасыр" фальклорлық-этнографикалық ансамбльі аспаптық орындауда. Ұжымдық бишілер арасында Құрлық әскерлері Әскери институтының "Семсер" би тобы үздік өнер көрсетсе, жеке орындауда бірінші орынды ҚР ҚК қызметкері, Ұлтық қорғаныс университетінен Сәния Жұлдыз қанжығасына байлады. Фестивальдің бас жүлдесіне "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінің "Талисман" би тобы ие болды.
Әр номинацияда жеңімпаздар мен гран-при иегеріне бағалы сыйлықтар, "Сарбаз сахнасы" бас мүсіні мен диплом табыс етіледі. Гала-концерт пен марапаттау рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов қатысты. Ол қатысушыларға сайысқа қатысқаны үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
- Қазақстан Қарулы күштері шығармашылық ұжымының "Сарбаз сахнасы" жалпы әскери фестивалінің басты мақсаты көркем өнерпаздардың кәсіби дамуына идеологиялық және мәдени-демалыс жұмыстарының тиімділігін арттыру, талантты әскери қызметшілерді анықтау болып табылады. Біз қатысушылардың өнерлерін толқыныспен бақылап, таланты мен шеберлігін бағалап, қолдау көрсетіп отырдық, - деді ол.
Шара соңында лауреттардың қатысуымен гала-концерт өтті.
ҚР Қарулы күштердің шығармашылық ұжымы өткізетірн "Сарбаз сахнасы" бүкіл армиялық фестивальі жыл сайын төрт кезеңде өткізіледі. Атап айтқанда, Қарулы күштердің өңірлік қолбасшылықтарында, тектері мен түрлерінде, роталар, ботальондар мен бригадалар деңгейінде.
Айта кетейік, ҚР Қорғаныс министрінің бастамасымен осы жылдан бастап, Қарулы Күштердегі "Жас Ұлан" әскери әндер фестивалі екі конкурсқа бөлінді. Олар Қарулы күштері шығармашылық ұжымының "Сарбаз сахнасы" жалпы әскери фестивальі және рсепубликалық "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық әндер фестивалі.