Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимді құттықтады

Ақорда
Президент жас таланттардың жетістігі үшін қуанып, үнемі өз пікірімен бөлісіп отырады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Junior Eurovision 2019 байқауында сәтті өнер көрсеткен жас әнші Ержан Максимді құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!" деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында.

Айта кетсек, Junior Eurovision-2019 халықаралық ән байқауында отандасымыз Ержан Максим ІІ-орын алды. 12 жастағы бала осы байқау үшін арнайы жазылған "Арманыңнан қалма" әнін қазақша және ағылшынша орындады.

І-орынды 2018 жылғыдай байқау өткен мемлекет - Польша өкілі алды. Виктория Габор Superhero әнін поляк және ағылшын тілдерінде шырқады.

Ержан Максимнің байқауда орындаған әнінің видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды