Алматыда таксистерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

instagram.com
Қала әкімдігі такси нарығын ұйымдастыру мәселесін қайта қарастыруда.

Соңғы жылдары Алматы тұрғындары такси тасымалы сапасының төмендеп кеткеніне жиі шағымдана бастады: таксидің құны қымбаттап, чек берілмей, жүргізушілердің дөрекілігіне байланысты көптеген даулар туындауда, деп хабарлайды Instagram-да Әсет Мұқажанов.

Такси қызметінің сапасын арттыру мақсатында, сондай-ақ ашықтық пен саладағы көлеңкелі ақша айналымымен күресу үшін қала әкімдігі такси нарығын ұйымдастыру мәселесін қайта қарастыруда.

Соған байланысты ресми тіркелген таксопарктердің заң талаптарына сай келетін такси көліктеріне (таксометрі, кассалық аппараты, арнайы белгілері, такси брендингі, салон ішінде ақпараттық таблосы бар) автобус жолағымен жүруге рұқсат беру жоспарлануда.

Одан күтілетін нәтиже – такси қызметінің сапасы көтеріліп, таксопарктердің табысы ашық болады, сондай-ақ ресми таксимотор тасымалын дамытуға серпін беріледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді