Атамбаев сот-психиатриялық сараптамадан өтуден бас тартты

Emist Nurmatov (RFE/RL Graphics)
Заң бойынша, 16 күдіктінің барлығы, соның ішінде бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев та сараптамадан өтуі тиіс.

Парламент депутаттары Әсел Кодуранова мен Ирина Карамушкина сот-психиатриялық сараптамадан өтті. Бұл туралы Азаттық радиосының қырғыз қызметіне Кодуранова хабарлады.

9 желтоқсанда ІІМ Кой-Таш ауылындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты күдіктілерге сот-психиатриялық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Заң бойынша, 16 күдіктінің барлығы, соның ішінде бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев та сараптамадан өтуі тиіс.

"Заң талабы сондай. Одан бас тартуға болады. Кеше экс-президент Атамбаев бас тартты. Ол тергеумен жұмыс істеуден басында-ақ бас тартқан" деді Кодуранова.

Сараптама нәтижесі он күнде дайын болады.

7-8 тамызда Кой-Таш ауылында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты тергеуге күшпен әкелу операциясы өтті. Сол кезде ондаған адам зардап шегіп, арнайы қызметтің алты өкілі кепілге алынды. Арнайы жасақ қызметкері Үсенбек Ниязбеков оққа ұшты, Шу облысы ішкі істер басқармасының басшысы Самат Курманкулов ауыр жараланды.

Атамбаев ұсталған соң, оның бірнеше жақтасы тергеуге шақыртылды. Олардың арасында депутаттар ӘселКодуранова мен Ирина Карамушкина, экс-депутат Равшан Жээнбеков, бұрынғы президенттің кеңесшісі Кундуз Жолдубаева, ҰҚМК экс-төрағасы Абдиль Сегизбаев бар.

Депутаттар Әсел Кодуранова мен Ирина Карамушкина үйқамақта отыр, президент аппаратының бұрынғы жетекшісі Фарид Ниязов, бұрынғы президент күзетінің басшысы Қанат Сагымбаев, экс-президенттің жақтастары Фархат Баабиев, Кыяз Смаилов және Амантур Жамгырчиев тергеу абақтысында отыр. Олардың барлығы қылмыстық істе күдіктіге жатады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты