Кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген несие: дәйек пен дерек

Соңғы бес жылда Қор тарапынан ауыл кәсіпкерлігін несиелеу көлемі 2,3 есе өсті.

Биыл "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясының бірі "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ құрылғанына 25 жыл, деп хабарлайды zakon.kz.

Ширек ғасырда аталмыш қор ауқымды жобаларды қаржыландырып, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал етті. Бүгінде шағын несиелеуді жүзеге асырып келе жатқан Қор туралы маңызды 10 ақпаратты ұсынамыз.

1. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры шағын несиелеуді 2005 жылы бастаған болатын. Осы уақыт аралығында жалпы сомасы 322 млрд теңге болатын 155 мың жобаны қаржыландырды.

2. Соңғы бес жылда Қор тарапынан ауыл кәсіпкерлігін несиелеу көлемі 2,3 есе өсті.

3. 2013-жылдан бері жұмыспен қамту бағдарламалары аясында 55 мыңнан астам ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылды.

4. Қордың несиелік өнімдері бойынша жылдық сыйақы ставка 6%, тиімді ставка 6,7%-тен аспайды. Несиелер 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

5. "Сыбаға" бағдарламасы бойынша шет елдерден 40 мың бас асыл тұқымды ірі қара сатып алу үшін екі жылда 530 шаруашылыққа несие берілді.

6. "Ырыс" бағдарламасы арқылы 123 отбасылық тауарлы сүт фермасы 9,4 мың бас сүтті сиыр сатып алды.

7. "Дипломмен ауылға" жобасы аясында 10 жылда ауылға жұмыс істеуге барған 32 мың маманға 85,8 млрд теңге несие берілді.

8. Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Еңбек" бағдарламасы аясында шағын несиеге сұраныс көп болғандықтан, биыл кәсіпкерлікті несиелендіруге қосымша 20 млрд теңге бөлінді.

9. Биыл Қор тарапынан ауылды жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға 60 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 13,5 мың жоба қаржыландырылды.

10. 2019-жылдан бастап Қор шағын несиелерді кепілдендіру және аграрлық сектордағы сақтандыру саласы бойынша агенттік қызметті атқарады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: