Қар жауады, бұрқасын – алдағы 3 күннің ауа-райы

риа новости
Оңтүстікте және батыста жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын.

Қазгидромет 2020 жылдың 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір циклон Батыс Сібір аймағынан өтпей жатып, кезекті циклон және онымен байланысты фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне өз әсерін тигізеді. Соған байланысты тағы да қар, кей жерлерде қатты қар, көріну қашықтығын 50...200м-ге дейін нашарлататын бұрқасын, сондай-ақ дауылды жел күтіледі.

Оңтүстікте және батыста жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын, жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауады, тұман, көктайғақ болжанады.

Ауа температурасының ауытқуына қарамастан, алдағы үш тәулікте оның көрсеткіші көпжылдық орташа мәннен 4...10°С жоғары болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты