ҚР Президенті Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Нұрсатов Нұрбол Төлегенұлы Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Нұрсатов Нұрболат 2004-2005 жылдар аралығында ҚР Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс комитетінің жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеді;
2005-2008 жылдары - Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары;
2008 жылдан 2011 жылға дейін - Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары;
2011-2012 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.
2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары бөлімінің, Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
38 жастағы Нұрбол Нұрсағатов – бас маманнан комитет төрағасының орынбасары/басқарма бастығы лауазымына дейін көтерілген тәжірибелі әрі білікті жетекші маман.
Елордадағы Байқоңыр ауданының бұрынғы әкімі Асқар Есілов 4000 000 теңге және жаңа iPhone телефонын пара ретінде алды деп айыпталды. Есіловке ақша мен қымбат сыйлықтарды оның туысы бергені хабарланды. Тергеу мәліметтері бойынша, ақша тендерді ұтып бергені үшін сыйлыққа ұсынылған. Атап айтсақ, шенеуніктің жақын адамымен байланысқан компания жалпы аумағы 72 миллион теңгеге абаттандыруға тапсырыс алған.