"Жас Алашта" тағы бас редактор ауысты

Сурет: zakon.kz
Газеттің басшылығына Қайрат Матреков келді.

Бір ай бұрын Республикалық "Жас Алаш" газетінің бас редакторы болып тағайындалған Инга Иманбай қызметінен кетті. Оның орнына Қайрат Матреков бас редактор болып тағайындалды, деп хабарлайды Nege.kz.

Тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайдың жары Инга Иманбай газеттің бар-жоғы бірнеше нөмірін ғана шығарып үлгерді.

Сенімді ақпарат көзінің айтуына қарағанда, Инга Иманбайға бір ай сынақ мерзімі берілген. Егер осы уақыт ішінде білікті басшы, сауатты журналист ретінде өзін көрсете білсе, келісімшартты ұзарту көзделген. Алайда Инга Иманбай газет құрылтайшыларының көңілінен шықпаған сияқты. Газеттің "Демпартия листовкасына айнала бастағанын" байқаған құрылтайшылар шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр болған.

Мамандығы педагог Қ.Матреков бұған дейін бірқатар мекемелердің баспасөз қызметінде, ҚазТАГ агенттігінде, 365info.kz сайттында жұмыс істеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев