Елорда әкімі: Карантин мен коменданттық сағатты шатастырмауларыңызды сұраймын

Бүгін коронавирус жұқтырғандар саны екі адамнан 17 адамға дейін өсті.

Қазақстан астанасының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындары мен қонақтарынан жарияланған карантинге түсіністікпен қарауды сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бүгін коронавирус жұқтырғандар саны екі адамнан 17 адамға дейін өсті. Сондықтан біз тұрғындарды қорғау және коронавирусты таратпау үшін қала аумағында карантин енгізуді ұсындық. Премьер-министрдің төрағалығымен жиналыс өтті. Қала аумағында карантинді 2020 жылдың 19 наурызында 00: 00-ден бастап енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін бақылау одан әрі күшейтіліп, қосымша шектеулер болады деген сөз. Мәселен, автовокзалдарда, қала аумағына кіретін және шығатын жерлерде қалааралық автобустарға тыйым салынады, инфекцияға күдігі бар адамдарды анықтау үшін барлық көлік құралдарымен қосымша көлік бекеттері орнатылады", - деді Көлгінов.

Сондай-ақ, ол карантин енгізу жайына түсінік берді.

"19-нан бастап карантин енгізіледі. Мәселен, автовокзалдарда шектеу шаралары болады. Қосымша нүктелер белгіленеді. Мен карантин мен коменданттық сағатты шатастырмауларыңызды сұраймын", - деп қорытындылады сөзін әкім.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: