Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында маска тегін таратылып жатыр

Хабар 24
Фармацевтикалық компаниямен бірлесе ұйымдастырылған акция аясында әр қалада 50 мың дана маска үлестіру жоспарда бар.

Бір адамға бес тегін бетперде. Маска тапшылығы сезілген тұста елорда әкімшілігі бетперделерді тегін таратуға кірісті, деп хабарлайды "Хабар-24".

Бүгін қаладағы бес сауда орнында қорғаныш құралын тарату акциясы өтті. Оған отыз шақты ерікті жұмылдырылды. Игілікті шара еліміздің бас шаһарынан бөлек Шымкент қаласында да қолға алынған. Фармацевтикалық компаниямен бірлесе ұйымдастырылған акция аясында әр қалада 50 мың дана маска үлестіру жоспарда бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта қайырымдылық шарасына Алматы қаласы да қосылмақ. Осылайша 100 мың маска тегін таратылады. Бұл демеуші компанияның екі күнде өндірілген тауарына пара-пар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды