Атырау облысында "Covid-19" жұқтырған тағы 3 адам туралы ақпарат

Сурет: zakon.kz
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ауру жұқтырғандардың 2-уі Атырау қаласынан тіркелді, олардың біреуі вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған, екінші науқас 6 сәуір күні ауыр сырқатпен жедел жәрдем арқылы ауыр халде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үшінші науқас Алматы қаласынан қызмет бабына байланысты ұшақпен келген. Ол бірден карантиндік стационарға жатқызылды.

Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

07.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 адам анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді