Футболды тоқтатпаған Белоруссия трансляция құқығын сатып байып жатыр

Getty Images
Ел чемпионатының ойындарын трансляциялау құқығы 10 мемлекетке сатылды.

Футболдан ірі турнирлердің бәрі тоқтап тұр. Ал Белоруссия чемпионаты пандемияға қарамастан футболын жалғастырып жатыр.

Reuters агенттігінің ақпаратына сай, Белоруссия футбол федерациясы телетрансляция құқығын 10-нан астам елге сату бойынша келісімшарттар жасасып үлгерді. Ол елдердің ішінде Ресей, Израиль, Үндістан, Болгария сынды мемлекеттер бар.

Белоруссия чемпионаты – Еуропадағы ойындары тоқтатылмаған жалғыз жоғары дивизион. Алғашқы екі турдан кейін көш басына "Минск" шықты, алдағы жексенбіде олар "Энергетикпен" ойнайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді