Мемлекет 200 мың қазақстандықты жұмыспен қамтиды

primeminister.kz
А.Мамин құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, құрылыс маусымын тиімді өткізуді тапсырды.

Бүгін өткен Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанның автожол инфрақұрылымын реконструкциялаудың алдағы жоспарларына тоқталып өтті. Бұл жоспарланған жұмыстардың рекордтық көлемі, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл жұмыс көлемі 2019 жылы жүзеге асырылған көлемнен 4 есе асып түседі. Осы жылдың соңына дейін 4 000 шақырым асфальт жол төселеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Премьер-Министрге 1,5 мың шақырым жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

А.Мамин құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, құрылыс маусымын тиімді өткізуді тапсырды.

Барлығы 200 мың жұмыс орны ашылады. "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін 5,5 трлн теңгеге 112 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме