Бүгінгі күні елімізде 64 пациент қарқынды терапиядан палатаға ауыстырылып, олардың бір бөлігі жазылып үйлеріне қайтты. Сонымен қатар, 2 пациент Нұр-Сұлтанға уақытылы жеткізіліп, ЭКМО аппаратына қосылды. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бұның барлығы, Эксперттік топ жұмысының нәтижесі.
Қазақстан Республикасында коронавирусты инфекция (КВИ немесе COVID-19) жұқтырған пациенттерге диагностикалық, терапевтік және қарқынды көмек көрсету мақсатында денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя басшылығымен аталған инфекцияны жұқтырған пациенттерге қарқынды терапия көрсететін Эксперттік топ құрылды.
Эксперттік топтың негізгі тапсырмасы – еліміздегі медициналық ұйымдарда ем алып жатқан COVID-19 бар ауыр және аса ауыр халдегі пациенттерге көрсетілетін емдік-диагностикалық көмек әдісін қадағалау мен оларға түзетулер енгізу.
Ең ауыр халдегі пациенттердің мәліметтеріне жасалған талдау көрсеткендей, көбінің диабет, жоғары қан қысымы, өкпенің созылмалы аурулары, жүрек, бүйрек аурулары сынды басқа да сырқаттары анықталған. Бұған байланысты, жұмыстағы басты аспектілердің бірі команданың тәртіптілігі. Осыған орай, Эксперттік топ құрамына реаниматолог, инфекционист, пульмонолог, эндокринолог, фармаколог, гастроэнтеролог, нефролог пен невропатолог дәрігерлер енгізілді. Эксперттік топ жұмысына қажет болған жағдайда денсаулық сақтау саласының өзге дәрігерлері мен профильдік мамандары шақырылады.
Күн сайын эксперттік топ құрамына кіретін реаниматолог Капышев Т.С ("ҰҒКО" АҚ озық білім орталығының директоры), пульмонолог Мукатова И.Ю. (жоғары білікті дәрігер, м.ғ.д., №3 ішкі аурулар кафедрасының профессоры), инфекционист Кулжанова Ш.А. (жоғары білікті дәрігер, м.ғ.д., жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі), фармаколог Литвинова Л.Р. ("ҰҒКО" АҚ клиникалық фармакологы), реанимациялық медициналық қызметкер Тасбулатов А.Е ("ҰҒКО" АҚ АРҚТБ бөлімі медбике ісінің аға маманы) бірлісе отырып, елдегі COVID-19 ауыр халдегі пациенттермен жұмыс барысын ұйымдастыру бойынша консилиум өткізіледі.
Эксперттік топ мүшелері еліміздегі барлық стационарларда ем алып жатқан ковид анықталған пациенттерге тәулік бойы консультация өткізеді. Консультациялар "Ұлттық шұғыл медицинаны ұйымдастыру орталығында" Жарқымбеков Б.К (жағдаяттық орталық басшысы) мен Оспанова Б.Ж. ("Ұлттық шұғыл медицинаны ұйымдастыру орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының м.а.) қатысуымен ұйымдастырылады.
Жұмыс жергікті орындарында COVID-19 бар пациенттерге қарқынды терапия көрсетіп жатқан барлық отандық дәрігерлермен бірлесіп жасалады. Бірлескен жұмыс пен емдік шараларда халықаралық және жеке тәжірибелерін қолдануының арқасында бүгінде жақсы нәтижелерге қол жеткіздік: еліміздің медицина қызметкерлері қарқынды терапия бөлімшесіне түсетін адамдар санының күрт өскеніне қарамастан, өлім саны мен ауыр жағдайға жеткен пациенттердің көрсеткішін бірқалыпты ұстай алды.
Күн сайын эксперттік топ еліміздегі барлық ауыр және аса ауыр халдегі пациенттердің жағдайын бақылау үшін мониторинг өткізеді. ("Ұлттық шұғыл медицинаны ұйымдастыру орталығы" ШЖҚ РМК бірлесіп ақпаратқа сараптама жасалған соң, алдағы іс-әрекеттерін жоспарлайды.
Эксперттік топ өз жұмысында диагностика мен емдеудің бекітілген клиникалық хаттамаларын, нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ, жоғары көрсеткішті халықаралық хаттамаларды негізге алады.
Эксперттік топ жұмысы басталғалы бері КВИ жұқтырған пациенттерге қарқынды терапия көрсетудің оңтайлы жолдары табылып, жаңа әдістемелер енгізілді. Эсперттік топтың ниетімен, материалдық-техникалық құрал-жабдықтар тізімі, медициналық құралдар, медикаментозды препараттар мен COVID-19 пациенттерге қарқынды терапия көрсететін басқа да жабдықтар оңтайландырылды.
Эксперттік топ мүшелері үздіксіз түрде барлық аймақтардағы мамандарға қашықтықтан дәріс өткізеді, бұл өз кезегінде медицина қызметкерлерінің жан сақтау, пульмонология, инфекция, фармакология және басқа да салалардағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын есейтуге септігін тигізеді.
Эсперттік топ жұмысының нәтижелі болуының маңызды ерекшеліктерінің бірі бірлесе отырып жұмыс жасау, шешімдердің барлығы жағдайға орай кеңесе отырып қабылданады.