Екпе алмаған балалар да балабақшаға бара алатын болды

Pixabay
Денсаулық туралы жаңа кодекс жобасынан екпе алмаған балалардың балабақшаға баруына тыйым салатын норма алып тасталды.

Мәжілістің пленарлық отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті талқылау барысында депутат Зәуреш Аманжолова екпе салу бойынша құжатта қандай нормаларды қалдыру шешілгенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Қорытынды салыстырмалы кестеде қабылданған 717 түзету бар және депутат Б.К. Тілеуханның қабылданбаған екі түзетуі бар – бірі 89 баптың 1 пункті "Профилактикалық екпелер жүргізу" бойынша "міндетті" сөзін "құқылы" сөзіне ауыстыру және екіншісі екпе салынбаған балалардың балабақшаға баруына тыйым салатын норманы жоятын түзету, - деді Аманжолова.

Оның сөзінше, бұл бапты жұмыс тобының мүшелері жан-жақты зерттеп, сарапшыларды, қоғам өкілдері мен медицина мамандарын шақырды, сондай-ақ халықаралық тәжірибе де зерделенді.

Нәтижесінде, барлық екепелер міндетті және ерікті болып екіге бөлінетін болды, ал балаларды балабашқаға қабылдау балабақшадағы "ұжымдық иммунитет" деңгейі бойынша жүргізілетін болды, - деді депутат.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме