Мамин Қаржы министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды

primeminister.kz
А. Мамин Е. Жамаубаевтың қаржы-банк саласындағы зор еңбек тәжірибесі жаңа министрге қойылған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді деген сенім білдірді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің ұжымына жаңа министр Ерұлан Жамаубаевты таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысы Қаржы министрлігінің алдына еліміздегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бюджет шығындарын оңтайландыру, бюджеттің атқарылуы, кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімділігін арттыру бойынша маңызы үлкен міндеттер қойылып отырғанын атап өтті.

А. Мамин Е. Жамаубаевтың қаржы-банк саласындағы зор еңбек тәжірибесі жаңа министрге қойылған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді деген сенім білдірді.

Е. Жамаубаев ұзақ жылдар бойы Ұлттық банк жүйесінде еңбек еткен, жетекші сарапшыдан бастап департамент директоры лауазымына дейін өскен. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарған, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімін басқарған, ҚР Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Осы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігінде жауапты хатшы қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды