10 маусымнан бастап тағы бірнеше бағытта пойыздар жүре бастайды

strategy2050.kz
Мамандар сапарды алдын ала жоспарлап алған абзал дейді.

10-маусымнан бастап тағы бірнеше бағыт бойынша пойыздар қайта жүре бастайды, деп хабарлайды zakon.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандар сапарды алдын ала жоспарлап алған абзал дейді. Компания атап өткендей 7 бағыт бойынша шойын жолмен қатынауға болады. Сондай-ақ, пойыздардың келу/ кету уақыты туралы барлық ақпаратты "105" анықтама телефонына хабарласып біле аласыздар. Қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін.

Жұмысы жанданатын пойыз бағыттары:

1) № 19/20 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" - Атырау, 11 маусымнан бастап "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол", Атыраудан - 12 маусымда;

2) № 29/30 Алматы-2 - Атырау, Алматыдан шығу - 11 маусымнан бастап, Атыраудан - 13 маусымда;

3) № 47/48 Атырау - "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол", 11 маусымнан Атырауға шығу, "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" - 13 маусымнан бастап;

4) № 95/96 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" - Орал, "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан" 10 маусымға дейін, Оралдан - 11 маусымда;

5) Атырау - Маңғыстау № 313/314, Атыраудан 10 маусымда шығу, Маңғыстаудан - 11 маусымнан бастап;

6) № 691/692 Ақтөбе - Атырау, Ақтөбеден 10 маусымнан бастап, Атыраудан - 11 маусымнан бастап;

7) Атырау - Алматы-1 № 41/42, Атыраудан 11 маусымнан, Алматы-1 - 13 маусымнан бастап;

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды